Басты бет / Басқа түрлер / ҚАРАША АЙЫ АТЫРАУ СПОРТЫ ҮШІН ҚАНДАЙ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?

ҚАРАША АЙЫ АТЫРАУ СПОРТЫ ҮШІН ҚАНДАЙ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?

Қараша айында Атырау облысының спортшылары қандай жетістіктерге жетті? dodasport.kz сайты айдың ең елеулі жетістіктерін назарларыңызға ұсынады.

1 — Кикбоксинг — үш бірдей әлем чемпионатының жүлдегері шықты.

Венгрия астанасы Будапешт қаласында кикбоксинг спортынан әлем чемпионаты өткен болатын. Дания Юсупов бастаған Атыраулық үш спортшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапныда ел намысын қорғап, үшеуі де де жүлдегер атанды. Жандос Назарбеков — алтын, Абзал Дүсіпов — күміс, Сәлімгерей Жанали — қола медаль.

Тағы бір айта кететіні бұл Абазл Дүсіповтың әлем чемпионатындағы үшінші медальі. Бұрын ол алтын мен қола медаль еншілеген болатын. Осылайша әлем чемпионатының үш бірдей медаль жиынытығын жинаған спортшымыз Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері нормативін орындап отыр. Ал бұл облысымыз үшін айтулы жетістік екені анық.

2 — Бокс — Ержан Ордабаев әлем кубогының иегері атанды.

Ресейдің Югра аймағында бокстан мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы өтті. 15-ші мәрте ұйымдастырылған турнирге 20-ға жуық мемлекеттен ең мықты деген боксшылар қатысты, оның арасында Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жеңімпаздары бар. Атырау облысы тарихында тұңғыш рет Ержан Ордабаев әлем кубогының иегері атанды.

Бұл жеңісі арқылы Ержан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы нормативін орындап отыр.

3 — ММА — Олжас Молдағалиев әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Бахрейнде ММА спортынан әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғаған Атыраулық спортшы Олжас Молдағалиев күміс жүлдеге қол жеткізді. Биылғы жылғы Азия чемпионы өзінің әлемде мықты екенін дәлелдей алды. Бұл жетісітк Атыраудағы ММА спортының дамуына үлкен серпіліс беретіні сөзсіз.

4 — карате — Серікова Әсел каратеден Премьер Лиганың қола жүлдегері.

Жапонияның Окинаве қаласында WKF каратеден «А» санатындағы Халықаралық турнир өтті. Олимпиадалық спорт түрлеріне енген сайыста жерлесіміз Серікова Әсел қола жүлдегер атанды! Әсел жартылай финалда Жапониялық спортшыға есе жіберді. Ал оның алдындағы іріктеу кезеңдерінде Канада, Иран, Тайпей және тағы бір Канадалық спортшыны ұтты.

Жапониядағы бұл жарыс рейтинг бойынша ең жоғары болып табылады. Сәйкесінше спортшыларға ұпайлар таратылады.

5 — бокс — Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Атырау облысы спортшылары 8 орында.

Шымкент қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионатында Атырау құрамасы жалғыз күміс медальді еншіледі. 91 келі салмақта Нұрбол Алтаев күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кету керек, Алматы облысы намысын қорғап жүрген Құрманғазы ауданының боксшысы Құрамысов Бекболат чемпионатта қола жүлдегер атанды. Бекболат келесі жылдан бастап құрамаға қайта оралуы мүмкін.

6 — Таеквондо — Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын Атырау облысы спортшылары 10 орында.
22 -25 қараша аралығында Астана қаласында таеквондодан WT ерлер мен əйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Атырау облысы құрамасы 1 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
Күміс жүлдегер: Шакиев Умбет 87 кг. Қола жүлдегерлер: Елубай Айгүл 73 кг, Исатаева Анажан 62 кг, Меллатов Алмас 68 кг.

Таеквондодан пумсэ бағыты бойынша жеке көрсетілімде 18-30 жас әйелдер арасында Маxимова Айдана 1 орын, 18-30жас ерлер арасында Қаржауов Фарxат 3 орын, 31-40 жас ерлер арасында Касаев Асан 2 орын, ардагерлер арасында Мұxитов Қабибек, Салиxов Гиззат 1 орын еншіледі.

7- Дзюдо — Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын Атырау облысы спортшылары 10 орында.

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Атырау облысының командасы 1 күміс және 2 қола медалмен оныншы орын алды.

Қыздар арасындағы аса ауыр салмақ дәрежесінде Қапсалықова Саида күміс жүлегер атанды. 63 келі салмақта Назгүл Құбашева қола жүлдегер. Ерлер арасында 90 келі салмақта Закарияев Сұңғат қола жүлдегер атанды. Сұңғат биылғы жылы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында түрлі жарыстарға қатысқан болатын. Бұл жола да мықтылығын дәлелдеп, үздік үштіктен көріне алды.

8 — Кикбоксинг — Жастартар арасындағы Қазақстан чемпионаты.

Орал қаласында кикбоксинг спортынан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Атырау облысының спортшылары 1 алтын және 1 қола медаль еншіледі.

Сәлімгерей Сәлімжан қарсылас шыдатпай чемпион атанса, Шамболов Аян қола жүлде еншіледі.

 

Сондай-ақ

АТЫМДЫ АБЫЛАЙХАН ҚОЙҒАН СОҢ…

19 жасында Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, 20 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Абылайхан …