Атырау қаласында 19-24 сәуір аралығында Таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
Дүбірлі дода алдында шет елден құрамалар келіп Атырау қаласындағы дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Тайланд құрамасының бас бапкері Азия чемпионатынан кем дегенде екі алтын аламыз деп отыр. Тайланд елінен 7 қыз және 8 ұл додаға түседі.
«Бүгін Қазақстандағы алғашқы дайындық жұмыстарын өткіздік. Қаланың ауа-райы тамаша екен. Бірақ салқындау. Осылай боларын біліп үстімізге күртеше киіп келдік. Салқын тиуден қорғанатын дәрілеріміз де жанымызда дейді», — Тайланд құрамасының менеджері.
Айта кету керек, Атырауда күн аса суық болмаса да, Тайланд құрамасы 30 градус ыстық жерден келген. Сондықтан жергілікті жердің климатына өздерін бейімдеп алуды жөн санапты.