Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / ЖАНАТ ТҮСІПБЕКОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУЫР АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАНАТ ТҮСІПБЕКОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУЫР АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

29 мамыр күні Бангкокта Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (ХААФ) Сайлау конгресінің бірінші күні аяқталды. Сайлау қорытындысы бойынша, Қазақстан федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков ХААФ вице-президенттерінің бірі атанды.

Конгресс Жанат Түсіпбековтің 2015-2017 жылдар аралығындағы маркетинг комиссия төрағасы ретіндегі жұмысын жоғары бағалады. Оның ҚР ААФ көшбасшысы ретінде жақсы ұйымдастырушылық қабілетін, Рио Олимпиадасында өткен сәтті маркетингтік науқанын және 2016 жылдан бастап ауыр атлетикадан Азия Чемпионатының халықаралық трансляциясын ұйымдастырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанда жүргізілген жұмыстары, соның ішінде допингке қарсы тәртіпті (2016-2017 жылдары халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер арасында допинг-сынамасының бірде-бір оң нәтижесі болмады) нығайтуы; балаларды жаппай спортқа тарту және жаттығу процестері үшін жағдайды жақсарту бойынша атқарған жұмыстары жоғары бағаланды.

Сайлау қорытындысы:
Тамаш Аян — (Венгрия) президент болып қайта сайланды.
Бас хатшы — Мохаммед Джалуд (Ирак).
Бірінші вице-президент — генерал Интарат Йодбангтой (Тайланд).
Вице-президент — Урсула Папандреа (АҚШ).
Вице-президенттер: Жанат Түсіпбеков (Қазақстан), Хосе Карлос Киньонес (Перу), Нику Влад (Румыния), Петр Крол (Чехия).

Сондай-ақ

ҚАРАҒАНДЫ МАРАФОНЫНА 5000 АДАМ ҚАТЫСТЫ

3 маусым күні Қарағандыда алғаш рет «Арманға жол» атты жалпыхалықтық жартылай марафон өтті. Оған еліміздің …