Токио елінде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өтуде.
Әлемдік додада Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. Олар: қыздар арасында 53 келі салмақта Айгерім Ауылбек, ұлдар арасында 77 келі салмақта Михаил Макеев.
Бүгін Айгерім сайысқа түсіп, 18 спортшының ішінен 13-ші орынды қанағат тұтты. Ол бар болғаны жұлқа көтеруде 77 келі, серпе көтеруде 88 келіні бағындырып, жалпы есепте 162 ұпай жинады.
53 келі салмақ дәрежесінде Қытайлық Жу ЧиаоЛинг 197 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынды Украиналық (188 келі), үшінші орынды Беларусь (186) спортшысы иеленді.
Бұл Айгерімнің өте нашар нәтижесі. Бұлай дейтін себебіміз осыдан екі жыл бұрын Айгерім қос сайыста 180 келі, тіпті 2015 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында 192 келімен күміс жүлдегер атанған болатын. Спортшымыз нәтижесін 30 келіге түсіріп алып отыр.
Енді 19 маусым күні ерлер арасындағы 77 келі салмақта Михаил Макеев ел намысын қолғайтын болады.