Басты бет / Әлем / «БАРСЕЛОНА» «ОЛИПИАКОСТЫ» СЕНІМДІ ТҮРДЕ ЖЕҢДІ

«БАРСЕЛОНА» «ОЛИПИАКОСТЫ» СЕНІМДІ ТҮРДЕ ЖЕҢДІ

Эрнесто Вальверденің командасы «Олимпиакосты», алаңда бір таймнан артық 10 ойыншымен ойнап-ақ, ешқандай қиындықсыз ұтты.

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси еурокубоктік додадағы голдар санын 100-ге жеткізді. Месси бұл голды 61-ші минутта айып соққысынан соқты.

Месси, Чемпиондар лигасында 97 гол, ал 3 голын Еуропасуперкубогінде соққан. Лео – 11 голды пенальтиден салды, 16 голды ойын үстінде айып алаңының сыртынан, 5 голды айып соққысынан. 82 гол сол аяқпен, 14 – оң аяқпен, 4 – баспен.

D тобының 4-ші турында «Барселона» мен «Олимпиакос» тағы кездеседі, ойын Грекияда өтеді.

«Барселона» 3:1 «Олимпиакос»

Голдар: Николау 18′ (өз қақпасына), Месси 61′, Динь 64′ — Николау 89′

«Барселона»: тер Штеген — Роберто, Пике, Умтити, Динь — Паулиньо, Бускетс (Гомеш 80′), Иньеста (Ракитич 67′) — Месси, Л. Суарес, Деулофеу (Маскерано 46′).

«Олимпиакос»: Прото — Элабделлауи, Ботиа, Николау, Кутрис — Жилле (Джурджевич 55′), Ромао, Зделар — Оджиджа-Офое (Фортунис 72′) — Карсела-Гонсалес (Пардо 65′), Андруцос.

Ескерту алғандар: Пике — Ромао, Николау, Элабделлауи.

Алаңнан қуылған: Пике 42′ (екінші сары қағаз, қолмен гол салғаны үшін).

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …