Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының үшінші турдағы сегіз кездесуі өтті.
Мәскеулік «Спартак» «Севильяны» қабылдап, 5:1 есебімен басым түссе, осы топтағы «Ливерпуль» «Марибор» қақпасына жауапсыз 7 доп соқты. «Манчестер Сити» 2:1 есебімен «Наполиді» жеңді. Дәл осындай нәтижемен украиналық «Шахтер» «Фейеноордтан» басым түсті. «Бешікташ» сырт алаңда «Монаконы» ұтты, есеп:2:1. «Лейпциг» — «Порту» 3:2. Мадридтің «Реалы» «Тоттенхэммен» тең ойнады. Дортмунд «Боруссиясы» «АПОЭЛ»-ді ұта алмады.
Бүгін чемпиондар лигасының тағы сегіз кездесуі өтеді. «Д» тобының көшбасшысы «Барселона» «Олимпиакосты» қабылдайды. Каталония командасы екі турдан кейін 6 ұпаймен топ басында келеді. Ал гректер көш соңында қалып қойды.
Эрнесто Вальверде, «Барселона» ФК бас бапкері: – «Олимпиакос» қарымта шабуылға иек артады. Олардың футболшылары жылдам қимылдайды. Сондықтан біз қателікке бой алдырмай, сақ ойнағанымыз жөн. Алаңға 3 ұпай алуға шамалары жететін футболшыларды шығарамын. Негізгі құрамада жоқ жігіттерге мүмкіндік туады. Бірақ олар да қажетті нәтижеге қол жеткізе алады.
Ақпарат көзі: 24.kz