Басты бет / Қысқы спорт / «БАРЫС» ШІЛДЕДЕ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАЙДЫ

«БАРЫС» ШІЛДЕДЕ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАЙДЫ

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2017/2018 жылғы маусымға даярлықты 8 шілдеден бастайды. Бұл жайында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген команданың бас бапкер Евгений Корешков мәлімдеді. 

Бас бапкердің айтуынша, барлық ойын­шы­лар медициналық тексерістен өткеннен соң 8 шілдеде Астанадағы базада бас қоса­ды. Сол жерде бір апта жаттық­қан­нан кейін Алматыдағы «Ақбұлақ» шипа­жа­йын­да ат басын тірейді. Жаттығу процесі Алатау бөктерінде де өз жалғасын тауып, 28 шіл­деде «Алматы» клубымен жолдастық кездесу өткізу жоспарлануда. 6-12 тамыз аралы­ғын­да Астанада Қазақстан Республи­касы Президенті кубогы жолындағы жарыс­тың жалауы желбірейді. Оған Ресей­дің «Аван­гард», «Трактор», «Нефтехимик», «Адми­рал» және Швейцарияның «Давос» клуб­тары қатысады. Дәстүрлі додада жер­­­­лестеріміз барынша табысты өнер көр­сетіп, қазақстандық жанкүйерлерді қуан­туды көздеп отыр. Тамыз айының екін­ші жар­тысында Ресейдің Омбы қала­сына са­пар шегіп, Виктор Блиновтың мемо­риа­лын­да бақ сынайды.
ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігі 21 тамызда басталады. Сол жарыс барысында әр команда 60 кездесуден өткізіп, үздік 16 коман­­даның қатарына қосылу үшін барын­ша күш салады. Сол межеден көрінгендері Гагарин кубогы жолындағы бәсекеде өнер көрсету құрметіне ие болады.

Дереккөз: aikyn.kz

Сондай-ақ

ФУТБОЛДАН АУЛА КОМАНДАЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТЕДІ

Маусымның 7-8 күндері, «Спорттық Алматы» осымен жетінші рет аула командалары арасында футбол лигасын өткізбек. Екі …