Жұма күні таңертең өтетін жерлесіміз Бекман Сойлыбаев пен мексикалық Фернандо Варгас арасындағы жекпе-жекті ESPN телеарнасы арқылы әлемнің 200 елі тамашалайды. Ал Қазақстанда аталмыш айқасты «Хабар» телеарнасы көрсетеді.
Golden Boy Promotion ұйымдастыратын Лас-Вегастағы жекпе-жек кешінде алты айқас жоспарланған. Оның үшеуін тікелей эфирден АҚШ-тың ESPN телеарнасы көрсетеді. Айта кетейік, әлемдегі әйгілі спорттық телеарналардың біріне жататын ESPN кабельдік жүйе арқылы АҚШ, Канада секілді 200 елге тарайды, арнаның көрермен саны шамамен 90 миллион адамды құрайды. Яғни, Бекман Сойлыбаев пен Фернандо Варгас арасындағы айқасты осынша елдің көрермендері көре алады деген сөз.
Ал, Қазақстан боксүйер қауымы жерлесіміздің жекпе-жегін тікелей эфирден «Хабар» телеарнасы арқылы тамашалай алады. Ертең, 20 қазан күні таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап «Хабар» арнасында.