Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын (WBC International екінші жартылай жеңіл салмағы) қорғап қалды.
27 жастағы Сойлыбаев 39 жастағы мексикалық Фернандо Варгасты төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңді. Кездесу Лас-Вегаста өтіп, 10 раундқа созылды. Кездесу Golden Boy Promotions бокс кешінің аясында АҚШ-тың жетекші телеарналарының бірі — ESPN арнасында көрсетілді.
Айта кетейік, жеңіліп көрмеген Сойлыбаев кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Варгас болса кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңіліс тауып отыр.
Ал, бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта жұдырықтасатын пуэрторикалық Габриэль Росадо (23-11, 13 КО) мен америкалық Глен Тапианың (23-4, 15 КО) арасында өткен жекпе-жекте, Габриэль Росадо жеңіске жетті.
Ақпарат көзі: Vesti.kz