Аса ауыр салмақтағы Рио Олимпиадасы чемпионы алғашқы кездесуінде нокаутпен жеңді.
Аса ауыр салмақта 2015 жылы Дохада Әлем Чемпионатының финалында қазақстандық Иван Дычконы ұтып чемпион атанған, 2016 жылы Рио Олимпиадасының алтын жүлдесін мойнына таққан француздық Тони Йока кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізді.
2 маусымда, Парижде өткен аса ауыр салмақта 6 раундтық кездесу 2 раундта нокаутпен аяқталды. Оның қарсыласы үздік жүз боксшы қатарына енетін тәжірибелі 38 жасар америкалық Трэвис Кларк (12-0-0, 8КО) болатын.
Осылайша, Тони Йока кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.