Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КУРСАНТ КОРЕЯДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КУРСАНТ КОРЕЯДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Оңтүстік Кореяда Әскери теңіз академиясынан білім алып жүрген Қазақстан курсанты Бақтияр Күйкен Кореяның Чинджу қаласында өткен әуесқой боксшылар арасындағы жарыста алтын медальға ие болды.

Әуесқой боксшылар арасындағы республикалық бәсеке 2017 жылдың 14-16 шілдесі күндері Корей халықаралық қатынастар университетінде өткізілді.

«Мен Әскери теңіз академиясы атынан 75 келі салмаққа дейінгі дәрежеде 20 және 30 жас аралығындағы боксшылар арасында өнер көрсеттім. Жарысты WBA-ның кәсіби бокс бойынша 1974 жылғы әлем чемпионы Су Хуан Хонг ашты. Шамамен 500 адам қатысты», — Чинхэ қаласындағы Әскери теңіз академиясының 4-інші курс курсанты Б.Күйкен.

«Екі айқаста 3:0 есебімен жеңіске жеттім, біреуі техникалық нокаутпен аяқталды, ал енді бірінде қарсыласым жекпе-жекке шығудан бас тартты», — деді ол. Оның айтуынша, Кореяда Қазақстан боксшыларына құрметпен қарайды.

«Мені финалда корейліктердің маған жанкүйер болғандығы таңқалдырды. Ақтық айқас алдында менің рингке шығатын уақытымды біліп кетті. Олар Қазақстаннан шыққан көптеген боксшыларды жақсы таниды. Геннадий Головкиннің анасы кәріс екенін білетіндіктен болар, оны өздеріне жақын санап, әрқашан жанкүйер болып жүреді», — дейді қазақстандық боксшы.

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …