Еділ Қожамбердиев пен Искандер Харсанның 22 шілдеде дебюттік кездесуінде қарсыласы белгілі болды.
Қазақстандық жас боксшылар Еділ Қожамбердиев және Искандер Харсан өздерінің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесулерін АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында Шарлотта қаласында өткізеді.
Еділдің қарсыласы америкалық Кавариус Хаскинс (0-3-0) атанбақ. 4 раундқа жоспарланған кездесу екінші орта салмақта (76,2 келі / 168 фунт) өтеді.
Искандердің қарсыласы дебюттік кездесуіне шыққалы отырған америкалық Трэвис Барнс болмақ. 4 раундқа жоспарланған кездесу жеңілірек салмақта (53,5 келі / 118 фунт) өтеді.
Айта кетейік, Еділ мен Искандер Алматы қаласындағы «Абылай хан» бокс залында Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Сағатбек Мусахановтың қол астында жаттығу жасайды.