Басты бет / Бокс / БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Филиппин елінде өтуде. Жарыстың үшінші күні алты Қазақстан боксшысы шаршы алаңға шығып, екеуі жеңіліп қалды.

57 келі салмақта Павлодарлық Дмитрий Вармин Үндістандық боксшыдан 4:1 есебімен, 66 келі салмақта Атыраулық Сәлімгереев Сәлімжан Жапониялық боксшыдан 5:0 есебімен ұтылып қалды.

50 келі салмақта Қарағандылық Талғат Сырымбетов Бутан елінің боксшысын уақытынан бұрын ұтты.

60 келіде Шымкенттік Бекзат Ерімбет Ирандықты, 46 келіде Астаналық Ақылбек Мұхтаров Қырғызстандықты және 54 келіде Алматылық Айтжан Әшірхан Моңғолиялықты 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Үшінші жарыс күнінің нәтижесі:

50 kg, Talgat Syrymbetov (Karaganda) — Tandin Wangchuk (Bhutan), RSC R3

57 kg, Ankit Narwal (India) — Dmitriy Barmin (Pavlodar), 4:1

60 kg, Bekzat Erimbet (Shymkent) — Arash Amin Torabi (Iran), 5:0

46 kg, Akilbek Mukhtarov (Astana) — Baiaman Magzymov (Kirgizstan), 5:0

54 kg, Aitzhan Ashirkhan (Almaty) — Tulga Oyunbaatar (Mongolia), 5:0

66 kg, Sora Tanaka (Japan) — Salimzhan Salimgereev (Atyrau), 5:0

Филиппиндегі 🇵🇭  Азия чемпионатының ширек финалына 12 ел өкілдері шықты.
1. KAZ-10
2. UZB-10
3. IND-8
4. JPN-5
5. KGZ-5
6. KOR-4
7. THA-2
8. PHI-2
9. UAE-1
10. IRI-1
11. IRQ-1
12. TPE-1
 

 

Сондай-ақ

ДЕНИС ТЕН КОРЕЯДАҒЫ АТАҚТЫ БАБАСЫНЫҢ ЗИРАТЫНА БАРДЫ

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Оңтүстік Кореядағы өзінің атақты бабасы …