Екі дүркін олимпиада чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді.
Орта салмақта талай белесті бағындырып, өз елінің талай мәрте чемпионы атанып, екі дүркін Әлем және Олимпиада чемпионы болған америкалық Кларесса Шилдс (4-0-0, 2КО) кәсіпқой бокста төртінші жекпе-жегінде чемпиондық белдікті жеңіп алды. Оның қарсыласы неміс боксшысы Никки Адлерге (16-1-0, 9КО) алғашқы жеңілісін жазды.
Американың Детройт қаласында 12 раундқа жоспарланған екінші орта салмақтағы кездесу, 5 раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Кларесса Шилдс WBC чемпиондық белдігін жеңіп, IBF чемпиондығына басты үміткер болды.