Анджелина Джолидің сыңары атанып кеткен Зарина бұл жайлы желідегі парақшасында жазды.
«Қорықпаңыздар. Мен рингте дәл мұндай соққыны өткізген емеспін. Бір күні дүкенге бара жатқанмын. Жаңбыр жауып тұрғандықтан басымды көтерместен телефонға қарап келе жаттым. Бір қарағанымда жігіттің бе, әлде ер адамның ба сұлбасы көрінгендей болған. Басымды қайта төмен қаратқанымда қатты соққы алып, сол жерде құладым. Ол бірнеше секунд ішінде қашып үлгерді. Телефонымды да, ақшамды да, ешнәрсе алмаған. Сонда не үшін ұрды?»
«Бір айтайын дегенім, спортшы боласың ба, басқа боласың ба бәріне сақтық керек. Әсіресе, құлаққапты тақпаңыздар. Ата-анам көшеде құлаққап киме деп талай айтқан. Енді соның зиянын көріп отырмын», – деп жазды боксшы қыз.
Зарина Цолоева бокстан Қазақстан чемпионы. Ол Ақмола облысының Жақсы кентінде өмірге келген. 4 жыл бұрын өз командасымен волейболға қатысып чемпион атанды. Бокспен 16 жасынан бастап айналыса бастаған. Жақында бойжеткен «Армандар әлемі» толықметражды фильмінде роль сомдайтынын парақшасында хабарланған еді.
Түпнұсқа:
Анджелина Джолидің қазақстандық сыңары өзін көшеде ұрып кеткенін айтты