Басты бет / Кәсіпқой бокс / Геннадий Головкин / СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ГОЛОВКИН КЕЗДЕСУЛЕРІНЕ БОЛЖАМ ЖАСАДЫ

СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ГОЛОВКИН КЕЗДЕСУЛЕРІНЕ БОЛЖАМ ЖАСАДЫ

1jpg

Азия бокс конфедерациясының басшысы, қазақ боксының тарихында өзіндік дара жолы бар Серік Қонақбаев Қанат Ислам мен Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне болжамын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қонақбаевтың айтуынша, 22-30 қыркүйек күндері Гамбургте өтетін бокстан әлем чемпионаты қызықты өтеді. Сайысқа тек лицензия жеңіп алғандар ғана қатысады. Сондықтан бокс тартысты болмақ.

«Қазіргі бокс деңгейі тұтас көтерілді және Куба, Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан басқа нақты фавориттер жоқ. Үндістан, Таиланд, Моңғолия, Жапония боксшылары медальға таласып көретін шығар. Чемпионат өте қызықты болайын деп тұр, себебі жаңа схемаға сәйкес, бұл сайысқа лицензия жеңіп алған мықтылар ғана барады. Сондықтан, қай кездесудің де оңайы болмайды. Әрине, отандық боксшыларға жанкүйерлік етеміз, бірақ оларға бұл айқас қиынға соғады. Біздің балаларға жақсылап дайындалу қажет және олар нағыз қазақстандық боксты көрсетуі керек», – деді ол.

«Әрине, Жәнібек Әлімханұлының Азия чемпионатында жеңіліп қалғанына ішім ашыды. Ол өте жас және болашақта Головкин мен Сәпиевтің ізін басатын қабілеттері жеткілікті. Жәнібектің болашағы алда, ол әлі өзін танытады. Алғаш көргенде-ақ ол маған ерекше әсер қалдырып еді. Қарағандының бокс мектебі бізге үнемі талантты балаларды сыйлайды», – деді Қонақбаев.

Сондай-ақ

ДАРХАН НОРТАЕВ: «ЖАТТЫҚТЫРУШЫМ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІМ ЕКЕНІН КӨРСЕТ ДЕДІ»

Кеше ғана Вьетнамның Ханой қаласында джиу-джитсу спорты бойынша Азия чемпионаты мәресіне жетті. Екінші мәрте ұйымдастырылған …