Басты бет / Бокс / ОТАНДЫҚ ТӨРЕШІЛЕР «ЕКІ ЖҰЛДЫЗДЫ» АТАНДЫ

ОТАНДЫҚ ТӨРЕШІЛЕР «ЕКІ ЖҰЛДЫЗДЫ» АТАНДЫ

16-30 сәуір аралығында Атырау қаласында Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған IX-шы Халықаралық бокс турнир өтті.

Турнир барысында Азия құрлығының төрешілеріне семинар-экзамен жүргізілді. Сынақтан сәтті өткен  жағдайда төрешілер AIBA «2 жұлдызына» және құрлықтық, әлемдік додаларда төрешілік ету құқығына ие болатын болды.

Семинарды Қазақстан Республикасы бокс федерациясы мен Атырау облысы бокс федерациясы өткізді. Төрешілерге Грзуия мен Молдавадан келген AIBA-ның мамандары нұсқау беріп, біліктіліктерін арттырды. Қазақстан бойынша «2 жұлдызға» бес төреші ұсыныс тастаған болатын. Одан бөлек Азия құрлығының 14 төрешісі келген. (Ирак, Сауд Арабиясы, Жапония, Шри-Ланка, Корея және Индонезия)

Төрешілер түске дейін теориялық емтихан тапсырса, түстен кейін Халықаралық турнир кезінде өз біліктіліктерін тәжірбие жүзінде іске асырады.

Атырау облысының төрешісі Асылбек Чунышкалиев сынақтан сәтті өтіп, AIBA «2 жұлдызды» төрешісі атанды, — деп хабарлайды Атырау облысы әуесқой бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Асылбек Чунышкалиевтан өзге, Руслан Бибуев, Ерлан Оспанбаев, Айдамир Ералиев және Қайрат Жұманқұловтар да  «2 жұлдыздың» иегерлері атанды.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

  Маңғыстау былтырғы жетістігін қайталай ала ма? Оңтүстіктің боксшылары не дейді? Алматы да қалар емес. …