Маңғыстауда Конфедерация кубогы іріктеуінің соңғы кезеңі өтіп, жартылай финалға шыққан үздіктер белгілі болды.
Таэквондодан Маңғыстау облысы, дзюдо мен грек—рим күресінен Қарағанды облысы, еркін күрестен Шығыс Қазақстан облысының командасы жартылай финалға жолдама алды.
Дзюдодан іріктеуде Қарағанды облысы құрамасында Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев және Ержан Шынкеев сынды тәжірибелі балуандар болды.
Сонымен биылғы Конфедерация кубогының жартылай финалына мына командалар жолдама алды.
Таеквондо: Алматы қаласы, Алматы облысы, ОҚО, Маңғыстау облысы
Дзюдо: Алматы қаласы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы.
Грек-рим күресі: Қызылорда облысы, Алматы облысы, ОҚО, Қарағанды облысы.
Еркін күрес: Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, ШҚО
Конфедерация кубогы командалық сын. Жарыстың жүлде қоры 125 млн теңгені құрайды. Финалдық кезең 2-3 желтоқсанда Алматыда өтеді.