Басты бет / Әлем / КРИШТИАНУ РОНАЛДУ — ФИФА НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫСЫ

КРИШТИАНУ РОНАЛДУ — ФИФА НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫСЫ

ФИФА нұсқасы бойынша 2017-шы жылдың ең үздік ойыншысы деп, «Реал Мадрид» пен Португалия құрамасының ойыншысы — Криштинану Роналдуны атады.

The Best марапаты үшін бұл жолда Роналду — Лионель Месси 19,25% («Барселона») мен Неймарды 6,97% («Барселона»/«ПСЖ») ең көп дауыс жинап 43,19% басып озды.

Криштиану, 2016/2017-шы маусымда «Реал Мадридпен» Испания біріншілігінің және Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Чемпиондар лигасының маңызды ойындарында португалдық ойыншы өз бабында екенін көрсете білді: ширек финалда «Бавария» қақпасына екі ойын қорытындысы бойынша 5 гол соқты, жартылай финалда «Атлетико» қақпасына 3 гол және финалда «Ювентус» қақпасына дубль жасады.

Сондай-ақ, Роналду Португалия ұлттық құрамасымен әлем біріншілігіне тікелей жолдама алды. Португалия 30 ұпайдың 27-сін алып, қосымша көрсеткіштермен Швейцария құрамасынан басым түсті.

France Football нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік ойыншы 2018-шы жылы қаңтарда анықталады, яғни Алтын доп иегері.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЛА БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыда волейболдан қыздар арасында қала біріншілігінің финалы өтті. Алып шаһардың үздік ойыншылары жүлделі орындарды сарапқа …