Басты бет / Әлем / ДЭНИЭЛ ДЖЕЙКОБС ПЕН ЛУИС АРИАС ЖЕКПЕ-ЖЕК АЛДЫНДА КӨЗ АРБАСТЫ

ДЭНИЭЛ ДЖЕЙКОБС ПЕН ЛУИС АРИАС ЖЕКПЕ-ЖЕК АЛДЫНДА КӨЗ АРБАСТЫ

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) пен Луис Ариас (19-0, 8 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты. Бұл туралы Вoxingscene.com порталы хабарлап отыр.

Олардың кездесуі Астана уақытымен 12-ші қараша күні Нью-Йорктың маңындағы Юниондейл қаласында өтеді. Бұл бокс кешінде Қазақстанда дүниеге келіп, қазіргі уақытта Нью-Йоркта полицей болып жұмыс істейтін жеңіл салмақтағы кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов (12-0-3, 5 КО) өнер көрсетеді.

Алдағы кездесу Джейкобс үшін қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өткізген кездесуден кейінгі бірінші жекпе-жегі болмақ.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы кездесу 18-ші наурыз күні өтіп, 12 раундқа жалғасты. Кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер Головкиннің жеңіске жеткенін тіркеді. Осылайша отандасымыз WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалды.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …