Құрлықтық хоккей лигасы он алтыншы кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилистке» қарсы ойын өткізеді.
Ойын бүгін Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. Ал отандық «QazSport» телеарнасы ойынның жазбасын сағат 22:15-те көрсетеді.
Айта кетсек, «Барыс» өткен ойынын да сырт алаңда өткізіп, қарсыласы омскілік «Авангардтан» 3:5 есебімен жеңілген болатын.
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 15-ші кезеңінен кейін, шығыс аймағында 20 ұпаймен 7-ші орында келеді.
Ал «Автомобилист» барлық ойынында жеңіске жетіп, сенімді түрде бірінші орында келеді. Соңғы ойынында өз алаңында «Салават Юлаевты» 1:0 есебімен жеңді. Бұл клубта елордалық «Барыстың» бұрынғы капитаны Найджел Доус өнер көрсетеді.
Сурет: Hcbarys.kz сайтынан