Ливерпульдік «Эвертон» клубының голландиялық бапкері Рональд Куман қызметінен кетті.
54 жастағы Куман «Эвертонда» 1 маусымнан артық бапкерлік қызмет атқарды. Куманның командасы өткен маусымда Ағылшын біріншілігін жетінші орынмен аяқтаған еді. Ал, биылғы 2017/2018-шы маусымға арнап клубқа үлкен қаражат, шамамен 150 миллион еуро жұмсаған басшылық кеңесі Рональд Куманның жұмысына көңілдері толмады. «Эвертон» командасы өзінің сүреңсіз ойының арқасында Ағылшыншын біріншілігінде 18-ші орында тұрса, Еуропа лигасының өткен өз алаңында «Лионнан» жеңіліп, бір ұпаймен соңғы 4-ші орында тұр.
Ағылшындық бақ өкілдерінің хабарлауынша, Рональд Куманның орнына Мойес, Гиггз немесе Дайш сияқты бапкерлердің біреуі келуі мүмкін.