Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ФК «ШАХТЕРДА» ЖАҢА БАСШЫЛЫҚ

ФК «ШАХТЕРДА» ЖАҢА БАСШЫЛЫҚ

«Шахтер» футбол клубында кадрлық өзгерістер болды. Клубтың атқарушы директоры лауазымына Қазақстан футбол Федерациясының бұрыңғы вице-президенті Олжас Абраев тағайындалды.
Ал жамбыл футбол мектебінің тәрбиеленушісі Мұрат Тілешев спорт директоры қызметін атқарады. Жаңа басшылар бүгін ресми түрде ұжыммен таныстырылды, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.
Бас жаттықтырушы міндетін уақытша Қарағанды футболының аңызына айналған Андрей Финонченко атқаратын болады. «Менің ойымша апта соңына дейін команданың бас жаттықтырушысы кандидатурасы анықталуы тиіс», — деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Наталья Сухорукова. Жақында ресейлік маман Алексей Еременко «кеншілердің» бас жаттықтырушысы қызметін доғарған болатын. Асқар Әбілдаев атқарушы директор қызметінен кетті. Сонымен бірге спорттық директор Игорь Солошенко да орнын босатқан.
Мұндай шешім қабылдаудың басты себебі — осы ойын маусымындағы команданың төмен көрсеткіштері болды. Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын «Шахтердің» басшылығы облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездескен болатын. Ол кезде аймақ басшысы команданың төмен көрсеткіштеріне наразылығын білдіріп, қатаң сөйлеген еді. Облыс әкімі футболшылар жақсы ойнамаса, топтың басшылығы мен жаттықтырушыларын ауыстыратынын ескерткен.inform.kz

Сондай-ақ

ҚАРАҒАНДЫ МАРАФОНЫНА 5000 АДАМ ҚАТЫСТЫ

3 маусым күні Қарағандыда алғаш рет «Арманға жол» атты жалпыхалықтық жартылай марафон өтті. Оған еліміздің …