Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Латвияның «Спартак» командасын жеңгеннен кейін Қазақстанның Еурокубоктағы қанжығасына бір ұпай түсті.
Жалпы алғанда, Қазақстанда 5,5 ұпай («Қайрат» пен «Ертісте» екі-екіден, «Астанада» — 1 және «Ордабасыда» — 0,5) бар. Бұл көрсеткіш 4 командаға бөлінеді, нәтижесінде Қазақстан ағымдағы маусымда 1,375 балл жинады.
Соңғы бес маусымдағы ұпайлардың жалпы саны — 15,250. Бұл нәтижемен Қазақстан УЕФА елдері рейтингінде 26-шы орынға орналасты. 25-ші орында — 15,600 балмен Швеция тұр.
inform.kz