Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӨРЕШІ ЕУРОПА ЛИГАСЫНДА ТӨРЕЛІК ЕТЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӨРЕШІ ЕУРОПА ЛИГАСЫНДА ТӨРЕЛІК ЕТЕДІ

Қазақстандық Артем Кучин Еуропа Лигасының екінші айналымында норвегиялық «Бран» және словакиялық «Ружомберок» командаларының арасында өтетін кездесуде бас төреші болып тағайындалды. Бұл туралы ФФК сайтында жарияланды.

Кучиннің ассистенттері Евгений Бельский және Анатолий Ходин болады, ал Денис Измайлов запастағы төреші болады. «Бранн» — «Ружомберок» ойыны 20 шілдеде Астана уақытымен 23:00-де баталады. Бірінші ойында норвегиялық команда жеңіске жеткен болатын.

39 жастағы Кучин 2002 жылдан бері рефери қызметінде. Бұрындары өзінің туған қаласындағы «Шахтер» және «Елімай» клубтары үшін өнер көрсеткен, ал футзалда қарағандылық «Икар» командасы үшін ойнаған.

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …