Беларусь құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Филипп Рудик жақында Tribuna.com сайтына сұхбат беріп, футболшылардың тапқан табыстардың қалай жұмсайтынын айтып беріпті.
Естеріңізге сала кетейік, Рудик Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен футболшылардың бірі. 2013 жылы «Атырау» сапында, сосын Семейдің «Спартак» клубында ойнады. Арада 3 жыл өткенде қайтадан Қазақстанға оралып, «Жетісудың» жейдесін кейді. Жалпы, Қазақстан біріншілігінде 31 ойын өткізіп, 2 гол соққан. Қазіргі кезде ол Беларусь чемпионатындағы «Неман» командасында ойнайды. Биылғы маусымда 16 матч өткізіп үлгерді.
– Өмірінде жасаған ең ақымақ әрекетін есіңде ме?
– Көп ақша босқа далаға кетті. Ірі көлемдегі ақшаны қарызға берген кездерім болды. Бірақ қайтарып ала алмадым. Бірақ оған өкінбейтінмін. Егер қолыма ақша түссе, бірден жұмсап тастайтын едім.
– Сонда қанша қарыз бергенсің? Нақтырақ айтып өтсең.
– Әрине, көп. 50 немесе 100 рубльдер туралы мүлде жақ ашпай-ақ қояйын. Ондай сомадағы ақша менің түстенуіме де жетпейді. Сондықтан оларды сұрап та жатпаймын. Ал ірі көлемдегі қарыздарымды қайтарып аламын деп үміттенемін.
– Қалай көңіл көтересің? Түнгі клубтарға 5 миллион рубль тастап кеткен кездер болды ма?
– Егер 5 миллион жұмсасақ (5 миллион Беларусь рублі – 85 мың теңге көлемінде) онда жақсы демалғанымыздың айғағы. БАТЭ футболшылары негізі одан да көп жұмсайтын. Біз қанша ақша құртқанымызды санамайтын едік. Оның бәрі өткен уақыттың еншісінде. Сондықтан оның бәрін айтуа берудің қажеті жоқ деп ойлаймын.
– Бренд киімдерді көп сатып алған шығарсыз?
– Әрине. БАТЭ-де жүргенде қарапайым киінуге болмайды. Бізге Гроднодан Сенька Горбунов өзінің «Пассат Б5» көлігімен келгені есімде. Үстіне джинсы киіп алған. Оған бірден «агент» деген лақап ат қойылды. Бірақ сол «агентіміз» нағыз сәнқой болып шықты. Мен әлі күнге дейін қымбат киінгенді жақсы көремін. Бірақ оған қазір жалақым жетпейді.
– Бір күнде жұмсаған ең ірі көлемдегі ақшаңды айта аласың ба?
– Мен оны айтпаймын. Біреудің білгенін қаламаймын. Бірақ өте ірі көлемде болды.
– Казино ойнағанды ұнатасың ба?
– Иә, бұл біздің шынайы проблемамыз. Мен казионға жиі баратынмын. Жеңілгенді жақсы көрмейтін, азартқа беріліп кететін адаммын. Үнемі ұтылғанымды қайтаруға тырысатынмын. Сондықтан жеңіліп қаласың. Кейбір адамдар 100 доллар ұтылса, өз өзің ұстайды. Ал мен керсінше бәрін қайтарамын деп жүріп, дымсыз қаушы едім. Кейде ірі көлемде ұтуға мүмкіндік болады. Бірақ бұл өте сирек жағдай. Дегенмен ол үшін аса қатты өкінген жоқпын.
Келесі айда тағы жалақымды түсетінін білетінмін. Осыдан 2 жыл бұрын казиноға мені кіргізбесің деген өтініш жаздым. Бір рет соған байланысты кіргізбеді. Негізі футболшылардың көбісі казиноға барады, бірақ жарнама жасамауға тырсады. Жалпы, казино жолайтын жер емес. Соны түсіндім. Басқаларға да бармауға кеңес беремін.
Айта кетейік, Рудик біздің елде Қазақстанның төлқұжатымен ойнаған. Сондықтан легионер ретінде саналған жоқ.
sportsffa.kz