Басты бет / Кәсіпқой бокс / Геннадий Головкин / ФЛОЙД МЕЙВЕЗЕР ГОЛОВКИНДІ ТАҒЫ ДА СЫҢҒА АЛДЫ

ФЛОЙД МЕЙВЕЗЕР ГОЛОВКИНДІ ТАҒЫ ДА СЫҢҒА АЛДЫ

Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Флойд Мейвезер орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) тағы бір сәрте сынның астына алды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Біз әлі Головкиннің жоғары салмақ дәрежесіне көтерілгенін көрген жоқпыз. «Канело» болса ауыстырды. Менің ойымша Triple-G қарсылас таңдауда іріктеу өткізеді. Ол Андре Уордқа ешқашан ұсыныс тастаған жоқ, меніңше. GGG одан қашып жүр. Ол ешқашан Уордтың есімін айтқан емес. Сол себепті ол 168 фунтқа көтерілуі тиіс, одан кейін жартылай ауыр салмаққа көтеріліп, сол салмақта не істей алатынын байқап көруі керек», — деді Мейвезер ES News порталына берген сұхбатында.

Осыған дейін Флойд Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасаған еді. Америкалық «Канелоның» жеңетініне сенеді. Бірақ мексикалық боксшы ұтылған жағдайдың өзінде де Мейвезер бірнеше сылтау ойластырып қойған.

Мейвезер Головкинді бірінші рет сынға алып тұрған жоқ. Соңғы бір сұхбатында ол жұрттың Головкинді не үшін жақсы көретінін түсінбейтінін және 40 жасқа келгеніне қарамастан, Головкинді жеңетінін айтқан.

Өз кезегінде мексикалықтың промоутері Оскар Де Ла Хойя Мейвезерге Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен шығуға ұсыныс тастаған.

Сондай-ақ

БІРЖАННЫҢ БЕЛЕСТЕРІ

Рио Олимпиадасы аяқталғаннан кейін бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында көптеген өзгерістер болды. Белді былғары …