Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иесі Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) және Допингке ерікті тестілеу қауымдастығының (VADA) бірігіп жасаған «таза» спортшылар тізіміне енді.
Головкин «Таза бокс» бағдарламасы шеңберінде допинг-сынама тапсырды және оның 2017 жылғы сынамамасынан тиым салынған дәрмектер табылған жоқ, деп мәлімдеп отыр WBC ұйымының баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, допингтен таза боксшылар тізіміне Головкиннің келесі қарсыласы мексикалық Сауль «Канело» Альварес те кірді. Мұның алдында қос боксшы да «Таза бокс» бағдарламасы аясында допинг-сынама тапсыруға келісім берген болатын.
Ал боксшылар арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді, ал билеттердің бәрі сатылып кеткен. Бокс кешін HBO арнасы ақылы трансляция жүесі арқылы көрсетеді.