Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Қазақстанда әлі де болсын жекпе-жек өткізуге ниетті екенін жасырмады, деп жазады Boxingscene.com.
«Мен Қазақстанға үлкен жекпе-жекті әкелгім келеді. Барлығының қалағаны осы. Бұл елім үшін де, менің мансабым үшін де өте маңызды. Маған аты шулы боксшыларға қарсы өткізетін үлкен кездесулер қажет. Қазіргі таңда «Канеломен» жұдырықтасуға дайындалудамын. Мүмкін, Қазақстанға соңғы қос салмақты біріктіретін жекпе-жекті әкелермін», – дейді Головкин.
Айта кетейік, 7 маусым күні Головкин Қарағанды қаласында өзінің есімі берілген спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.
Дереккөз:: khabar.kz