Басты бет / Бокс / «GGG» НЕМЕСЕ «QAZAQ». ЛАҚАП АТПЕН ТАНЫЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР

«GGG» НЕМЕСЕ «QAZAQ». ЛАҚАП АТПЕН ТАНЫЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР

Лақап ат — адамды құрметтеу, мадақтау мақсатында қойылады. Осындай бүркеншік аттармен танылып жатқан жұлдыздар аз емес. Тіпті, олардың шын есімін естіген кезде таңғалып жатамыз. Бұл лақап атты қоюдың өз себептері бар. Бокс әлемінде де лақап атсыз жүрген боксшылар аз. Біздің спортшылар да баршылық. Олай болса бүгінде кәсіпқой бокста жүрген  жұдырықты жігіттеріміздің лақап аттарымен таныс бола отырыңыздар.

«GGG»

«GGG»! Генадий осы атпен бүкіл әлемге танымал. Тіпті бұл сөзді естігінде көп спортшылар үркиді. Бұл лақап қалай пайда болды десек, ол аты-жөнінің бас әріптерінен құрылған.

«The Qazaq»

Қанат Исламның лақап аты да, махаббаты да — «Qazaq»

«Bumblebee»

Иса Ақбербаевтың лақап аты — «Bumblebee». Қазақ тіліне аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Исаның аяқпен тамаша жұмыс жасайтынын көрген жаттықтырушысы осы лақап атты қойған екен.

«ZZ»

Қазақстан кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың лақап аты– «ZZ». Бұл боксшының да лақап аты есімі мен тегіне тікелей байланысты.

«Bakha Bullet»


Кәсіпқой бокста ұтылып көрмеген спортшыларымыздың бірі — Бахтияр Эюбов. Осыған дейін 12 кездесу өткізіп, барлығын жеңді. Бүркеншік есімі — «Bakha Bullet». Қазақ тіліне аударғанда «оқ» деген мағынаны білдіреді. 

«777»

Болашағынан зор үміт күттіретін боксшылардың бірі — Батыр Жүкембаев. Қазіргі таңда Канада елінде жекпе-жектерін өткізіп жүр. Осыған дейін 8 кездесу өткізіп, барлығын жеңді. 7 нокауты бар. Бұл боксшының лақап аты — «777». «Әлем халықтарының көпшілігі қадым заманнан бері жеті санын кие тұтып, қастерлеген. Ата-бабаларымыз да жеті санын қасиеттеп, салт-дәстүріне арқау еткен.
Мысалы, ауылда жүргенде анам 7 шелпек пісіріп, көршілерге тарататын. Әкем, жеті атасын білмеген жетесіз деп, жеті атамды жаттатқызды. Әдебиеттен, Ләйлі — Мәжнүн, Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Ару-Қамбар, Уәлік-Фәррат, Әни – Күлшәт секілді жеті ғашықты білеміз. Ал, тарихтан XVI ғасырдағы Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» оқыдық. Айта берсек мысал көп қой. Кәсіпқой боксқа ауысар тұста өзім құрметтейтін, сыйлайтын ағаларыммен дастархандас болып қалдым. Әнгіме арасында сол кісілер кәсіпқой бокста үш жеті (777) санымен шықсаң қалай болады деп ұсыныс тастады. 7 санын әуелден қастерлейтін маған бұл ұсыныс таңсық болған жоқ. Бірден келісе кеттім». Осылайша ол осы лақап атты таңдаған.

«АА»

Тағы да аты мен тегіне байланысты лақап ат қойған — Али Ахмедов.

Еліміздің Әнұранын шарықтатып, көк Туымызды биікте қалықтатып жүрген спорт түрінің кәсіпқой деңгейдегі де алар асуы мен басар белесі әлі алда деп білеміз. Қазақтың қайсар ұлдары әлі абыройымызды асқақтатарына зор сеніммен қараймыз.

Сондай-ақ

БЕКДӘУЛЕТ ИБРАГИМОВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫНА ЖЕҢІЛДІ

  Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында тағы бір боксшымыз Өзбек қарсыласына есе жіберді. 64 …