Басты бет / Бокс / АБАЙ ҚАБИДЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ ӨТЕДІ

АБАЙ ҚАБИДЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ ӨТЕДІ

 

2016 жылғы 12-16 желтоқсан аралығында Павлодар қаласында бокстан жаттықтырушы Абай Қабиденұлы Тәтиевті еске алуға және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырылған 1999-2000 жылы туған жастар арасында Ашық республикалық турнир өткізіледі.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерацияның мықты босшылары өздерінің шеберліктерін қолданыстағы AIBA қағидаларына сәйкес 11-салмақ санаты (46, 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91кг.) бойынша көрсетеді.

Турнирдің ашылуы 2016 жылғы 13 желтоқсанда сағ. 15.00 басталады.

Өткізілетін мекен жайы: Павлодар қаласы, Мир көшесі 43/1 «Мамандандырылған бокс залы».

Турнирді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бірге Павлодар облысы бокс федерациясы болып табылады.

Турнирдің бас төрешісі: AIBA Халықаралық санаттағы төрешісі Дүйсеков Елеусіз Фазылұлы.

 

Турнирді өткізу бағдарламасы

 

12 желтоқсан 

16:00-18:00

қатысушылардың келуі

мандат комиссиясының отырысы

13 желтоқсан08:00-09:00өлшеу, медициналық байқау
10:00-11:00жеребе тастау
15:00алдын ала жекпе-жектер
14 желтоқсан08:00-09:00өлшеу, медициналық байқау
14:00алдын ала жекпе-жектер
15 желтоқсан

 

08:00-09:00өлшеу, медициналық байқау
14:00жартылай финалға шығу жекпе-жегі
16 желтоқсан

 

08:00-09:00өлшеу, медициналық байқау
12:00финалға шығу жекпе-жегі
  турнирдің жеңімпаздарын марапаттау

Сондай-ақ

ИЛЬИН: «КЕЛЕСІ КЕЗЕКТЕ — МЕН»

Қазақ елінің мақтанышы болған Олимпиада чемпионы Илья Ильин қазақстандық ауыр атлетші қыздардың спорттан шеттетілуіне қатысты …