Басты бет / Әлем / GOLDEN BOY КАНЕЛОНЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚАШАН ӨТЕТІНІН ЖАРИЯЛАДЫ

GOLDEN BOY КАНЕЛОНЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚАШАН ӨТЕТІНІН ЖАРИЯЛАДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (370-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) командалары екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссөздерді жалғастыруда.

Вoxingscene.com порталының мәліметі бойынша, егер екі тарап келісімге келетін болса, жекпе-жек келер жылдың 5-мамырында өтеді.

«Канелоның» келесі кездесуі 2018 жылы 5-мамырда сенбі күніне тура келетін Синко де Майо мерекесінде өтеді. Біз Альварестің Головкинмен екінші кездесуін наурыз айында өткізгіміз келген. Сонымен қатар біздің басқа да жоспарларымыз болған. Бірақ «Канело» тек қана Синко де Майо мерекесінде өткізу керек екенін айтты», — дейді Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес.

Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста өтуі әбден мүмкін. Бірақ жекпе-жекті қабылдауға Даллас пен Нью-Йорк қалалары да үмітті.

Еске салайық, «Канело» мен Головкин арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша тең нәтиже тіркелді. Осылайша Головкин өзіне тиесілі орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерін сақтап қалды.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГИМНАСТШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасы Мәскеуде спорттық гимнастикадан XXIV-шы  Олимпиада чемпионы Михаил Воронин атындағы Халықаралық турнир өтті. 18-20 желтоқсан аралығында …