Басты бет / Кәсіпқой бокс / Геннадий Головкин / ГОЛОВКИН: КАНЕЛОНЫҢ ЖЕҢІЛМЕУІ ҮШІН КӨП НӘРСЕ ЖАСАЛДЫ

ГОЛОВКИН: КАНЕЛОНЫҢ ЖЕҢІЛМЕУІ ҮШІН КӨП НӘРСЕ ЖАСАЛДЫ

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring TV арнасына берген сұқбатында мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткен кездесуде төрешілер әділ шешім шығармағанын айтты.

«Әрине, бұл кездесуде жеңіс бізде екеніне сенімді болдым. Сондықтан біз ұпай саны бойынша жеңіске жеттік деп ойлаймын. Жалпы кездесуде мен екі немесе үш раундта үстем болдым», — дейді Головкин.

Сонымен қатар Головкин Аделаида Берд 118-110 есебімен тіркегеніне байланысты былай жауап берді.

«Бұл кездесуде «Канелоның» жеңілмеуі үшін көп нәрсе жасалды. Егер ол шынымен жеңіске жеткенде тең нәтиже емес, жеңісті оған беретін еді. Сол себепті бұл жекпе-жекте «Канелоның» жеңілмеуі үшін көп нәрсе жасалды. Бірақ төрешілер соңында тең нәтижені тіркеді. 118:110 есепті ақымақтық деп айтпас едім.

«Канело» мен оның командасы жеңілмедік деп айтқанымен, мен жеңілген жоқпын. Барлық адамдарға көпшілікті дәо осылай алдаудың еш қажеті жоқ деп айтқым келеді», — дейді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …