Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының бірінші кезеңінде Галина Вишневская мен Максим Браун бастаған Қазақстан құрамасы аралас эстафетада қола жүлдені жеңіп алды. Алтын медальге австралиялық биатлоншылар Лиза Тереза Хаузер мен Симон Эдер, ал күміс жүлдені германиялық жұп Ванесса Хинц пен Эрик Лессер иеленді.
Айта кетейік, Вишневская мен Браун француз жұбы Мари Дорен-Абер мен Мартен Фуркадты басып озып отыр.
23 жастағы Вишневская мен 24 жастағы Браун үшін бұл медаль — Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жүлде. Айта кететін жайт, тарихта алғаш рет Қазақстан биатлоншылары Әлем кубогы эстафетасының жеңіс тұғырына көтеріліп отыр.
Еске сала кетсек, Эстерсундтағы кезең 3 желтоқсанда өз мәресіне жетеді. Ал 5 күннен кейін биатлоншылар Австрияның Хохфильцен қаласында жарысқа түседі.
Ақпарат көзі: Vesti.kz