Ресей астанасы Мәскеуде бразилиялық джиу-джитсу спортынан жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Gymnasium Cup 8» халықаралық турнирі аяқталды. Елімізден аттанған үш спортшы да ел абыройын асырып, алтын медальмен оралды.
Сегізінші рет ұйымдастырылған халықаралық турнирге биыл қазақстандық спортшылар алғаш рет қатысты. Осыған дейін түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлде алып, жеңімпаз атанып жүрген Мәди Құрманғожаев 15-16 жас аралығындағы көк белбеудегі спортшылар сынында 4 қарсыласын айқын ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.
13-14 жас аралығындағы ақ белбеулілер сайысында Мұхамедияр Құдайқұлов, сары белбеулі спортшылар арасынан Алдияр Серік алдына жан салмады.
Мәскеудегі халықаралық турнирге 1000-ға жуық жасөспірімдер қатысты.