Хорватияның Сплит қаласында өткен комбат джиу-джитсудан VII әлем чемпионатында қазақстандық Ерлан Тілеуімбетов финалда қарсыласын жарты минутқа жеткізбей сұлатып салып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды деп хабарлайды baq.kz.
Айта кетейік, Ерлан Тілеуімбетов жастар арасында әлемнің екі дүркін чемпионы болған.
Жалпы биылғы әлем чемпионатында еліміздің намысын 4 спортшы: Ерлан Тілеуімбетов, Темірлан Айсәділов, Шыңғыс Парымбеков және Әлішер Үмітбеков қорғады.
Команданың қоржынына алғашқы алтынды 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Алматы қаласының спортшысы Темірлан Айсәділов салды.