Басты бет / Без рубрики / ЖӘНІБЕК ӘБУ-БӘКІР: ЖЕТІСТІККЕ АПАРАТЫН ЖОЛ ЕҢБЕК ҚАНА

ЖӘНІБЕК ӘБУ-БӘКІР: ЖЕТІСТІККЕ АПАРАТЫН ЖОЛ ЕҢБЕК ҚАНА

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» — бұл мақал бекеден бекер айтылмаса керек. Еңбек етіп тер төскен бір күні жемісін көретінің сөзсіз, — деп Әбу-Бәкір Жәнібек әңгімесін бастады.

Вьетнам елінің Ханой қаласында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатына Әбу-Бәкір Жәнібек қатысып, күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Спортшы өзінің чемпионаттағы жетістігін баяндап берді.

— Әбу, бірден финалдан бастайықшы, алтын жүлде алуыңа не кедергі болды, қандай қателіктер жібердің?

— Финалда Иран спортшысымен кездестім. Ұрған, тепкен кездегі ұпайларым есепке алынбады. Не себепті екенін түсінбедім. Кейін барымды салып соңғы минуттарда есепті 5:5-ке жеткіздім. Шешуші сәтте маған чидо есептеліп, жеңіс Иран спортшысына берілді.

— Ұпайлар неге есепке алынбады? Жаттықтырушыларың не деді?

— Бұған дәл жауап таба алмадық Бірақ менің Ирандыққа қарсы кездесуімді Ирандық қазының бағалағаны факт. Жаттықтырушыларым менің жеңгенімді айтты. Бірақ төрешіге қарсы шыға алмадық. Марапаттау рәсімі кезінде Ирандық спортшы келіп өзінің жеңілгенін мойындады.

— Жалпы саны неше кездесу өкіздің? Қарсыластарыңның деңгейі қалай екен?

— 5 кездесу өткіздім. Бірінші Тайланд спортшысын, екінші жарыс қожайынын, үшінші Сингапурлық спортшыны, төртінші Қытай спортшысын және бесінші кездесуімде Ирандықпен шықтым. Барлығының деңгей өте жоғары. Тайланд спортшысы басқаларынан мықтырық болды.

— Бұл сенің Азия чемпионатына алғаш рет қатысуың, әсерің қандай?

— Осы жарысқа жақсы дайындалдық. Ұлттық құрамамен Көкшетауда жаттығу жиындарын өткіздік. Қалай да чемпион боламын деген мақсат қойған едім. Болмай қалды. Бұйырса Түркіменстан елінде өтетін Азия ойындарында барымды салып, жеңіске жету тырысамын.

— Жалпы джиу-джитсу спортының дамуы туралы не айта аласың?

— Джиу-джитсуды көбі оңай спорт түрі санайды. Ия, жаңадан дамып жатқан спорт түрі. Кейде Қазақстан чемпионатында қатысушылар саны аз болып, басқа спортпен айналысушылар орын алып жатады. Олар үлкен жетістікке жетпей жатып джиу-джитсудың оңай спорт екенін айтып жатқанын естідік. Дұрысында қай-қай спорттың оңай жоқ. Жетістікке жетіп, дәрежесі жоғары жарыстарға қатысқан сайын қаншалықты қиын спорт екенін түсінуге болады.

Болашақта біздің, аға буын спортшылардың нәтижесін көріп кішкентай спортшылар да джиу-джитсуға келеді деген сенімдемін.

— Джиу-джитсу спортынан үлгі тұтар немесе еліктейтін тұлғаң бар ма?

— Біреуге еліктеу дегенді білмеймін. Талантты спортшы болса керек жерлерін өзіме алып қалуға тырысамын.

— Әбу-Бәкір елімізде сирек кездесетін есімдердің бірі, кім қойды? 

— Есімімді әкем қойды. Әбу-Бәкір Пайғамбардың досының аты болған. Араб сөзінен шыққан. «Әбу» – әке, «бәкр» таза, пәк деген мағына береді.

— Масатың немесе өмірлік ұстанымың қандай?

— Негізгі ұстанымым «Еңбек етсең Алла тағала еңбегіңді жемейді». Мен қатысқан ірі жарыстарымнан әзірге бірінші орын алған жоқпын. Екінші және үшінші орындармен шектелумен келемін. Бірақ оған ешқашан қамыққан емеспін. Керісінше, одан сайын еңбек етіп қателіктерімді іздеймін. Болашақта еңбек ету арқылы әлі талай белестерді бағындыратыныма сенемін.

Естеріңізге сала кетейік, жылбасында Франция астанасы Париж қаласында өткен  «Grand Slam Paris Open» (JJIF) xалықаралық турнирінде Қазақстандық спортшылар арасынан Әбу ғана қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Сондай-ақ

ТИМУР КУЛИБАЕВ ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМИТЕТТЕР АССАМБЛЕЯСЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

Қазақстан ҰОК президенті Ұлттық Олимпиадалық   комитеттер қауымдастығының Бас Ассамблеясына қатысып жатыр Қазақстан Республикасы Ұлттық …