19-22 мамыр аралығында Атырау қаласында джиу-джитсу спортынан 4-ші Қазақстан Республикасының жастар ойындары өтті. Қызықты факт, деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
- Қазақстан Республикасының жастар ойындары қатарына биыл тұңғыш рет джиу-джитсу спорты қосылып отыр.
- Сайыстар невадза мен файтинг түрлері бойынша өтіп, 600-ден астам спортшы бақ сынады.
- Жастар ойындарына ересектер арасындағы әлем чемпионы мен жүлдегерлері қатысты.
- Көне заманда пайда болып, Қазақстанда ресми қауымдастық 2015 жылы құрылған.
- Джиу-джитсу Жапон елінің ұрыс өнері болып табылады.
- Қазіргі кезде джиу-джитсудың онға жуық түрі бар. Бразилиялықтар бір түрін ұлттық спорты ретінде патенттеп алған (Бразилиялық джиу-джитсу)
- Дзюдо мен каратэ джиу-джитсу спортынан пайда болған. Каратэ мен файтинг түрі арасында аса айырмашылық жоқ.
- Қазақстан джиу-джитсу бойынша Азияның көшбасшы елі болып табылады.
- Қазақстандағы көшбасшы аймақтар: Алматы, Астана, Маңғыстау.
- Қазіргі таңда бұл спорт түрімен 10,000-нан астам спортшы айналысады.
- Олимпиадалық емес спорт түрі болғанымен, жабық кешендегі Азия ойындары қатарына еніп отыр.
- Бірігу үстінде жүрген бұл спорттың ережелері де әр түрлі. Төрешілер тарапынан қиындық көп туып отырады.
- Кез-келген спорт түрі секілді джиу-джитсудың өзіндік белгілері бар. Қол саусақтар арқылы (бас бармақпен, кішкентай саусақ) джиу-джитсушыны басқа спортшылардан айыруға болады.
- Спортшылар спорттық киіміне (кимоно) өздерінің демеушілерінің белгілерін салып шыға алады. Елімізде бұл үрдіс аса дами қоймаған.
Жастар ойындарындағы жалпы командалық есеп:
1 — Алматы облысы.
2 — Алматы қаласы
3 — Астана қаласы
4 — Маңғыстау облысы
5 — Атырау облысы
6 — Қызылорда облысы
7 — Ақмола облысы
8 — Павлодар облысы
10 — Қостанай облысы
11 — Оңтүстік Қазақстан
12 — Шығыс Қазақстан
13 — Солтүстік Қазақстан