Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / ЖАС ДЗЮДОШЫЛАР ЕУРОПА КУБОГЫН ҮШІНШІ ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ

ЖАС ДЗЮДОШЫЛАР ЕУРОПА КУБОГЫН ҮШІНШІ ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ

3-4 маусым күндері Австрияның Лейбниц қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Халықаралық додада Қазақстан құрамасынан 30 дзюдошы қатысып, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болып, командалық есепте медаль саны бойынша жарысты ІІІ орынмен аяқтады. 4 алтын, 1 қоламен Жапония жастары рейтингте көш бастап тұрса, 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен Ресей спортылары жарысты ІІ орынмен аяқтаған. Қазақстандық дзюдошылардың аталмыш додада көрсеткен көрсеткіші мынадай:

Алтын — Нұрсұлтан Серәлі (60 кг)

Алтын — Сұңғат Жұбатхан (66 кг)

Күміс — Жасұлан Отарбек (60 кг)

Қола — Бауыржан Нарбаев (55 кг)

Қола — Барыс Қуан (73 кг)

46f7e8f6d4a3d3c06e571ed78c94914d.jpg

60 кг

1. Нұрсұлтан Серәлі (Қазақстан)

2. Жасұлан Отарбек (Қазақстан)

3. Тим Банин (Нидерланд)

3. Анжело Пантано (Италия)

a0811e54a930b58073f2bfd12c5f9d99.jpg

66 кг

1. Сұңғат Жұбатхан (Қазақстан)

2. Люжи Бруетти (Италия)

3. Самуеле Фаскинато (Италия)

3. Денислав Иванов (Болгария)

f248ba181785167c18ffd8c9ea2f5abb.jpg

1. Андрея Карлино (Италия)

2. Муртаз Шериев (Ресей)

3. Манори Даниел (Венгрия)

3. Бауыржан Нарбаев (Қазақстан)

96a220ae298939f0783fc4d0ce1a1f1f.jpg

73 кг

1. Александр Колесник (Ресей)

2. Джевани Эспасито (Италия)
3. Барыс Қуан (Қазақстан)

3. Эрик Хэм (Ұлыбритания)

Дереккөз: fdk.kz

Сондай-ақ

МЕРГЕНДЕРІМІЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

Садақ ату спорты бойынша  Түркияның Анталья қаласында әлем кубогның екінші кезеңі мәресіне жетті. Қазақстандық мергендер …