Басты бет / Кәсіпқой бокс / ҚАНАТ ИСЛАМ МЭННИ ПАКЬЯОМЕН ШАРШЫ АЛАҢДА КЕЗДЕСУІ МҮМКІН

ҚАНАТ ИСЛАМ МЭННИ ПАКЬЯОМЕН ШАРШЫ АЛАҢДА КЕЗДЕСУІ МҮМКІН

Отандасымыз Қанат «Qazaq» Ислам Алматыда әйгілі филиппиндік Мэнни «Pacman» Пакьяомен шаршы алаңға шығуы мүмкін.

«Пакьяоның командасы дайын болса «QAZAQ» командасы дайын. 22 наурыз Алматы қаласы «Almaty Arena» спорт кешенінде бокс жанкүйерлері үшін үлкен шоу жасауға біз сақадай саймыз. Пакменнің командасы келіссе болды» — деп, Қанаттың PR менеджері Берік Сұлтан Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалған еді. Ал, филиппиндік боксшы соңғы рет 2 шілде күні Аустралияда жекпе-жек өткізіп, Джеф Хорннан жеңілген болатын.

Қанат Ислам мен Мэнни Пакьяоның командасы жекпе-жек туралы келісімге келсе, отандасымыз филиппиндік боксшымен жұдырықтасқан екінші қазақ болады. Мэннимен алғаш жұдырықтасқан қазақ боксшысы – Серік Ешмағамбетов.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЛА БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыда волейболдан қыздар арасында қала біріншілігінің финалы өтті. Алып шаһардың үздік ойыншылары жүлделі орындарды сарапқа …