Басты бет / Кәсіпқой бокс / ҚАНАТ ИСЛАМ ТАРИХИ БОКС ЖУРНАЛЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

ҚАНАТ ИСЛАМ ТАРИХИ БОКС ЖУРНАЛЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

Қанат Исламның «Boxing News» (тарихи журнал ) журналына берген сұхбаты.

-Қашан және неге боксты таңдадыңыз:
Менің рингтің айналасында жүргеніме сегіз жылдай уақыт болды. Менің мақсатым — кәсіби бокстан Қазақстанды күшті ұлт екенін мойындату.

-Барлық уақыттағы сүйікті жауынгеріңіз:
Мұхаммед Әли, өйткені ол ол ұлы боксшы ғана емес, сондай-ақ ол нағыз адам.

-Сіз көрген үздік жекпе-жек:
Марвин Хаглер — Шугар Рэй Леонард. Олар нағыз шайқасты көрсете алды.

-Өз мансабыңдағы ең үздік жетістік:
2008 жылы Олимпиада ойындарында қола медаль және 2007 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеттім.Қазір мен WBA, IBF, WBO рейтінгінде жоғары сатыда тұрмын. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы болмай демалуға уақыт жоқ.

-Ең қиын қарсылас:
2013 жылы Эмилио Хулио Хулио (үшінші раундта жеңіс. KO ) Ол жекпе-жек Эквадорда жоғары биіктікте болды, сондықтан демалу қиынға соқты.

-Жаттығу жайлы кеңес:
Дұрыс тамақтану, жаттығу және табиғат аясында демалу.

-Сүйікті тағамыңыз / мейрамхана:
Мен жылқы етін жеуді ұнатамын, барлық Қазақстандықтар секілді. Сондай-ақ қазақ асын жасайтын кез-келген мейрамханаға барамын.

-Бокс саласындағы жақын достарыңыз:
Бұрынғы олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев және Серік Сәпиев пен Рой Джонс және Бейбіт Шүменов.

-Басқа қандай спорт түрін таңдар едіңіз:
Бала кезімде футболшы болуды армандағанмын, бірақ қазір бокстан басқа спорттың қажеті жоқ.

-Сіз көрген соңғы фильм / ТВ шоу:
«Қазақ хандығы» Бұл Қазақстан тарихы жайлы өте қызықты фильм.

-Кім сіздің өміріңіз жайлы фильмді ойнар еді:
Сильвестр Сталлоне, өйткені ол бокс туралы білетін актер.

-Сіз бір кездері біреудің жанкүйері болдыңызба:
Мен актер, әнші немесе биші болуды ешқашан армандаған емеспін. Сондықтан мен атақты адамдармен кездесіп әсер алған емеспін. Міне Майк Тайсон және Мұхаммед Әли — мен үшін нағыз жұлдыздар.

-Сіз соңғы рет қашан жыладыңыз:
Қазақтандағы жас балалардың ұлттық мақтаныш сезімі жоғалған кезде. Менің ұлтымның ауруы — бұл менің ауруым болып табылады.

-Ең жақсы кеңес:
Мен алғаш спорт залына барған кезімде, менің жаттықтырушым маған былай деді: «Маған чемпион қажет емес, маған жәй ғана адам қажет». Мен әлі күнге дейін оның кеңесін естен шығармаймын және арқашан жақсы адам болуға тырысамын.

-Өзің туралы нашар сыбыс:
Мен өсек аянға назар аудармаймын.

Сондай-ақ

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ — ВАРГАСТЫ ЖЕҢІП WBC INTERNATIONAL БЕЛБЕУІН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын (WBC International екінші жартылай жеңіл салмағы) қорғап …