26-28 мамыр аралығында Франция астанасында «Б» санатындағы «Grand Prix de Paris de Sambo 2017» Халықаралық турнирі өтті.
«Шарли» аренада 17-ші мәрте өткен дәстүрлі турнирде 29 салмақ дәрежесінде жүлдегелер сарапқа салынды. Сайыстар спорттық және жауынгерлік самбо бойынша жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында өтті.
52 келі салмақта бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан самбосының мақтаншысы Бейімбет Қанжанов сынға түсті. Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, Францияда қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлдегер атанды.