Жеңіліп көрмеген жапондық Жақияновпен күш сынасу үшін салмақ қоспақ.
Кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) әлеуетті қарсыластарының қатарында жапондық Наоя Иноуэның (13-0, 11 КО) аты аталды.
Иноуэ екінші аса жеңіл салмақ дәрежесінде WBO титулын қорғау үшін америкалық Рикардо Родригеспен (16-4, 5 КО) қолғап түйістіріп, қарсыласын жеңді. Жапондық боксшының промоутері Хидэюки Охасидің сөзіне сенсек, олар осы дивизионда WBA (Super) титулына ие Жақияновтың жеңіл салмақ дәрежесіне өтуді көздеп отыр.
Хидэюки 53,52 келі (118 фунт) салмақ дәрежесіндегі Иноуэ — Жакиянов айқасын жылдың соңына қарай өткізу қажет деп санайды.