Түркияның Самсун қаласында ХХIII жазғы сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр.
Есту қабілеті нашар спортшыларға арналған байрақты бәсекеге Қазақстаннан 50 спортшы аттанды.
Бүгін дзюдошылар жарысқа қосылып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. 66 келіде татамиге шыққан отандасымыз Шаяхмет Қанапиянов ХХIII сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Финалда ғана қарсыласына есе жіберген Шаяхмет 4 кездесуде де үздік атанған болатын.