Басты бет / Әлем / ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВТЫҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВТЫҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Ережесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов (24-0) өзінің келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді.

Нақтырақ айтсақ, ол 30 желтоқсан Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 219 жекпе-жек кешінде өнер көрсетеді деп күтілуде. Оның қарсыласы бразилиялық Эдсон Барбоса болады.

UFC турнирінде Эдсон 17 кездесу өткізіп, оның 13-де жеңіске жеткен. 2015 жылы ол Тони Фергюсоннан жеңілгеннен кейін, қатарынан үш жеңіске қол жеткізді. Ол кезде бразилиялық спортшының қарсыласы Энтони Петтис (UD 3), Гилберт Мелендес (UD 3) және Бенеил Дариуш (КО 2) болды.

Ал, Нурмагомедов болса соңғы кездесін 2016 жылы өткізіп, Дэррелл Хорчер (ТКО 2) мен Майкл Джонсонды (SBM 3) жеңді. 2017 жылы ресейлік спортшы әлі жекпе-жек өткізген жоқ. Негізі Хабиб осы жылдың мамыр айында Тони Фергюсонға қарсы өткізуі керек еді. Бірақ ресейлік спортшы салмақ қуу кезінде жарақат алып, жекпе-жек өтпейтін болды.

Хабиб Нурмагомедов ережесіз жекпе-жектегі мансабында 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …