Басты бет / Басқа түрлер / ШАХМАТТЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚҰПИЯЛАРЫ

ШАХМАТТЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚҰПИЯЛАРЫ

Шахмат − бұл әлемдегі  танымал логикалық ойындардың бірі. Бұл ойын адамның ойлау қабілетін, тактикасын және зияткерлік қабілетін дамытатынын бірі білсе бірі білмес. Шахмат адамның ойлау қабілетіне қолайлы спорттық ойынның әлемге кең тараған түрі.

Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен аударғанда патша (шах және мат) өлді деген мағынаны білдіреді. Шахмат ойын тақтасынан тұрады. Ойын тақтасы 64 шаршыны құрайды. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты − қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою. Ендеше, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін шахмат ойынының бірнеше сырын есте сақтап жүргеніңіз жөн болар.

Сезіну (Интуиция)

Уақыт бізден әр нәрсені ойланып жасауды талап етеді. Таң атқаннан кеш батқанша біз әр түрлі ұсақ түйек жұмыстарға және маңызды жұмыстар шығып қалып, нақты шешім қабылдар кезде бірден тұрақты шешімге келе алмай мең-зең болып қаламыз. Осындай жағдайда шахмат ойынының көмегі көп. Себебі, ол ойлау қабілетін дамытуға өз септігін тигізеді.

Шыдам

Егер сіз шыдамсыз адам болсаңыз, онда қарсыласыңызды жеңуіңіз екі талай. Өйткені, шахмат шапшаңдықты және шыдамдылықты талап етеді. Шахмат ойнаған адам бір түйіннің шешімін табу үшін тез әрі дұрыс шешім қабылдай білу қажет. Ал шахмат адамды шыдамдылыққа үйрететін бірден бір құрал болып табылады. Шыдамын ұстай білген адам табысты болып келеді.

Аналитикалық ойлау

Шахмат ойынын ойнау барысында адамның аналитикалық ойлау қабілеті қоса дамиды. Аналитикалық ойлау қабілетінің жоғары болуы адамның қаншалықты жүйрік екенін көрсетеді. Ал мұндай жағдай көп адамдар да кездесе бермейді. Сіздің жаныңыздағы адамның логикалық ойлау қабілеті жоғары болса, онда сіз аналитикалық ойлау қабілетіңіз арқылы қарсыласыңызды жеңе аласыз. Аналитикалық ойлау қабілеті тек ойын да ғана емес, өміріңізге де үлкен әсерін тигізеді.

Ойлау қабілетін басқара білу

Ойлау қабілетін жеңдіре білген адам ойында ғана емес кез-келген қызметте табысты болып жеңіске жете алады. Ал жеңіске жету үшін адам дұрыс шешім қабылдай білуі тиіс. Шахмат ойыны − жеңіске жеткізуге бағыттайтын ойынның бір түрі.

Ойынға икемі

Шахмат ойынын ойнап бастамас бұрын оған адамның ынтасы және қабілеті болуы керек. Сырт көзге бұл ойын оңай болып көріну мүмкін.  Алайда, шыдамдылықпен алғырлықты талап ететін бұл ойынның шешімін табу екінің бірінің қолынан келмес. Сондықтан да бұл ойынды ойнау үшін адамның ең алдымен, икемі болу қажет. Сондай-ақ, шахмат сізді мықты тұлға болып қалыптасуыңызға әсер етеді.

Шахмат- ол күрес

Шахмат  — адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Логикалық ойлау қабілетінің дамуы

Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізеді.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ГОЛЬФТАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫСТАР ӨТТІ

Алматыда, «Нұртау» гольф-клубында осы спорт түрінен 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында ашық академия кубогының бірінші …