2018 жылы хоккейден Данияда өтетін әлем чемпионатының ресми белгісіне үйректің балапаны таңдалып алынды.
Чемпионат белгісін таңдап алуға Ганс Христиан Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі себеп болды. «Ұсқынсыз үйректің» аққуға айналуы соңғы 15-20 жылдағы балалар хоккейінің дамып келе жатқандығын білдіреді. Қазіргі уақытта үйректі таңдауға дауыс беріліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы хоккейден әлем чемпионаты 4-20 мамыр аралығында Данияның Копенгаген мен Хернинг қалаларында өтеді.