Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметіне Акимов Олжас Азатұлы тағайындалды.
Олжас Акимов 1980 жылы 8 наурызда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы, Төретам кентінде дүниеге келген. Ресей халықаралық олимпиадалық университетінде «Спорттық менеджмент», Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Заңгер», Болашақ университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын аяқтады.
Кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР құрметті спорт қызметкері, халықаралық дәрежедегі төреші.
1998-2000 ж. ҚР қарулы күштері қатарында болды.
2000-2003 ж. Байқоңыр қ. №56 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бокстан бапкер болды.
2003 жылдан — ҚР қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Байқоңыр кешенінде бас маман.
2008-2012 ж. ЖШҚ «Инфрастрой», жалпы сұрақтар бойынша бас директордың орынбасары.
2010-2012 ж. Байқоңыр кешеніндегі ҚР Президенті жанындағы арнаулы өкілі, штаттан тыс кеңесші.
2012-2013 ж. Астана қ. әкімдігінің «Астана» регби клубының» директоры.
2013-2014 ж. Астана қ. әкімдігінің «Жігер» спорттық клубының директоры.
2014-2015 ж. ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында бас бапкер.
2015 жылдан – Алматы қ. әкімдігінің №17 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.
2016 жылдан – Алматы қ. 2017 ж. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекцияның билетпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары.
2017 ж. 1 сәуірден бастап бүгінге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының әмбебап жекпе-жектен аға жаттықтырушысы болды.
Отбасылы. 2 баласы бар.