Үндістанның астанасы Нью – Дели қаласында велоспорттан ерлер арасында өткен Азия кубогында жерлесіміз Асылхан Тұрар алтын жүлдені иеленді!
Ол велоспорттың омниум жарысында жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, жекелей жарыста қола жүлдені еншілеп, Қазақстан құрамасының қоржынына жүлделер санын толықтырды.
Асылхан Тұрар 1997 жылы Қызылордақаласында дүниеге келген. Велоспорттан жастар арасында 4 дүркін, ересектер арасында 4 дүркін Қазақстан жеңімпазы. Тайландта жастар арасында өткен Азия чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Бапкері: жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Жандос Махамбетов.
Оның алдағы жоспары –қараша айында өтетін Әлем кубогында топ жару.