Басты бет / Басқа түрлер / 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Каратэ-додан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиевтің оқушысы 3 дүркін  Әлем, 3 дүркін Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мөлдір Жаңбырбай №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінде жас жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізді. 

30 тамыз – ҚР Конституция күні қарсаңында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген шеберлік сабағына 100-ден аса жас каратэшілер қатысты. Спортшы жас жеткіншектерге каратэ-доның түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетіп, олармен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай жас спортшыларға спорттағы тәжірибесімен бөлісіп, бірінші мәрте шеберлік сабағын өткізді.

Оның алдағы жоспары 4-ші қыркүйекте Германияның Хале қаласында өтетін халықаралық турнирге және 14-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Әлем чемпионатының алдында болатын  оқу-жаттығу жиынына қатысады. Қазан айының соңында Испанияның Тенерифе қаласында өтетін Әлем чемпионатында облыс намысын қорғайды

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …